• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Театр 12 Ақпан, 2025

«Дина» драмасы сахналанды

50 рет
көрсетілді

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры «Дина» атты деректі драманың тұсауын кесті.

Әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығар­ма­­шылығына арналған қойы­лымды театрдың бас режиссері Алмат Шәріпов сахналаған.

– Шығарма қолыма түскен сәттен Дина анамыздың өмі­рі, шығармашылығы жайын­­да зерттей бастадым. Күйші­нің ұрпақтарымен хабарлас­тым. Пьеса авторы Маржан Ершуо­вамен де тығыз байланыста болып, сахнаға лайық­тап жөн­деп алдық. Сахналық кос­тюмдер сапалы тігілді, арнайы би қойылып, актерлер уақтылы жұмыс атқарды. Ұжымға ал­ғысым шексіз, – дейді Алмат Нұрланұлы.

А.Н.Островский атындағы орыс драма театрының сахнасында өткен премьераға қойылым авторы Маржан Ершу де қатысты. Ол шығар­маның Дина күйшінің кү­реске толы өмір жолын, оның өнердегі орнын көрсетіп, кейінгі ұрпаққа насихат­тау мақсатында жазылғанын ­айтты.

– Биыл біздің Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры XXXII театр маусымын қыркүйек айында ашты. Маусымды аша салысымен театр ұжымы екі ай ішінде төрт бірдей театр фестиваліне қатысып, гастрольдік сапарда болды. Биылғы 2025 жылға да бірнеше жаңа қойылым мен гастрольдік сапар жоспарда тұр. Өңіріміздегі өнердің қара шаңырағына айналған театр ғимараты күрделі жөндеуде тұрғанына қарамастан теат­р ұжымы көрерменге жаңа қойылым ұсынуын тоқтатқан емес, – дейді облыстық мәде­ниет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бас­шы­сының орынбасары Медхат Қамбетов.

 

Батыс Қазақстан облысы