• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Мәдениет 13 Ақпан, 2025

Ислам ынтымақтастық ұйымының конференциясы өтіп жатыр

175 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясының Жидда қаласында Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы (ICESCO) аясында Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 13-ші конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конференцияға Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 50-ге жуық мемлекет қатысты. Олардың арасында Ислам әлемінің мәдени мұра комитетінің мүшесі – Қазақстан да бар. Ел атынан бұл жиынға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов барды.

Халықаралық кездесудің басты мақсаты – өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасында диалог орнату, ислам мәдениеті туралы объективті көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ әділеттілік, бейбітшілік, бостандық және адам құқықтары құндылықтарын насихаттау.

Делегация басшылары конференцияның жұмыс отырысында сөз сөйлеп, осы мақсаттарға жетуге бағытталған бастамалар мен механизмдерді ұсынды.

Аталған іс-шараға ICESCO Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 57 елдің 54-і келген. Мәдениет министрлері конференциясының басты мәселесі – Ислам әлемінің мәдени астанасын анықтау. 2025 жылы бұл мәртебелі атақ Өзбекстанның Самарқан қаласына берілді. 13-ші конференцияда Ислам әлемінің 2026 жылғы мәдени астанасы жарияланатын болады.