• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Теннис 18 Ақпан, 2025

Теннисші Александр Шевченко Бразилиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

26 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың алғашқы кезеңінде Шевченко әлемдік рейтингте 149-орында тұрған бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 10 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Турнирдің ширек финалына шығу үшін ол Александр Зверев (Германия) – Бу Юнчаокете (Қытай) жұбының жеңімпазымен кездеседі.