• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Ақпан, 2025

Қазақстандағы әуе рейстерінің тұрақтылығы әлемдік көрсеткіштерге сай

34 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде ішкі әуе тасымалын алты авиакомпания 56 бағыт бойынша (өсім 10%-ға) жүзеге асырады. Қазақстандық авиакомпаниялар жыл сайын шамамен 10-15 жаңа заманауи ұшақ сатып алады. Қазіргі уақытта әуе кемелерінің паркінде 104 ұшақ бар, жыл соңына дейін тағы 14 ұшақ сатып алынады. 

Талғат Ластаевтың айтуынша, 2024 жылы Еурокомиссия Қазақстан авиакомпаниялары үшін Еуроодақ елдеріне ұшуға қатысты «Қара тізімдегі» барлық шектеулерді алып тастаған. Қазақстандағы әуе рейстерінің тұрақтылығы 75 пайызды құрайды. Бұл әлемдік көрсеткіштерге сай.

«Авиациялық оқиғаларды тергеу ИКАО ұшу қауіпсіздігін бағалау үшін аса маңызды сегіз критикалық көрсеткіштің бірі. Қазақстанда бұл көрсеткіш 51%-ды құрайды. Басқа көрсеткіштердің ішінде ол ең төмен болып қала береді. Жыл соңына дейін көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құру жоспарланып отыр. Орталық қажетті құрал-жабдықпен қамтылып, білікті маманндар жұмысқа шақырылады», деді Көлік вице-министрі.

Елімізде жыл сайын әуе рейстерін таңдайтын жолаушылар саны артып келеді. Мәселен, былтыр отандық авиакомпаниялар 14,7 млн жолаушыны тасымалдаған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп. Ал әуежайларда 29,7 млн адам қызмет көрсеткен.