• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Ақпан, 2025

Елена Рыбакина әлемдік турнирдің үшінші айналымына өтті

70 рет
көрсетілді

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Екінші кезеңде ол әлемнің 62-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимаға қарсы ойнап, 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Рыбакина алты эйс жасап, екі қос қате жіберді және төрт брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.