• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Ақпан, 2025

Студенттер ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

90 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде дінтану мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен «Сен халқыңның жүрегіндесің, жауынгер!» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара ауған жерінен кеңес әскерлерінің шыққан күніне орай ұйымдастырылды. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған азаматтарымызды еске алу мен жастарға патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен кездесуге жалындаған жастық шағын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер қатысты. Олардың қатарында «Абырой» Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Әли Дауылбек пен өзге де жауынгер-ардагерлер арнайы келді. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Қарлығаш Борбасова жиында студенттер үшін ауған соғысы ардагерлерінің естелік әңгімелерін тыңдаудың маңызын атап өтті.

Ауған соғысының ардагер жауынгерлері студенттерге туған елін сүю, құрметтеуге қатысты тағлымды әңгімелер айтып, соғыс даласында өткен жылдарды еске алып, естеліктерімен  бөлісті.

«Біз барлығымыз өз отанымыздың патриоты болуымыз керек. Өкінішке орай, соңғы жылдары отан алдындағы әскери міндетін атқарудан қашқақтау себептері жиілеп кетті. Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен қорғап, аманат етіп қалдырған ұланғайыр жердің болашақ иесі – жастар.  Отан алдындағы борышты өтеу әрбір азаматты батырлыққа, өжеттікке баулып қана қоймай,  әскер міндеттің, болашақта әскери ғылымды дамыту ісіне қатысуға ықпал етеді. Бүгінде технология қарыштап дамыған кезеңде еліміздің қоғаныс саласында заманауи техника, технологияларды игерген жастардың көбейгені абзал» деп атап өтті Әли Дауылбек.

Кездесу барысында студенттер ауған соғысынан аман қайтқан, қайтпас та қайсар жауынгер-ардагерлерге құрмет көрсетіп, пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар