• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 17:10

Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін

Жапонияның оңтүстік-батыс жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

 

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:46-да болған. Эпицентрі Окинава префектурасындағы негізгі арал жағалауында, шамамен 50 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінің күші жапондық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 7 балл деп бағаланды. Мұндай дүмпу кезінде адамдардың аяқта тік тұруы қиындап, заттар мен бекітілмеген жиһаздар құлауы мүмкін.

Мамандар алдағы бір апта ішінде, әсіресе жақын 2-3 күнде қайталама дүмпулер болуы ықтимал екенін ескертті.

Жергілікті билік пен полицияның мәліметінше, зардап шеккендер мен айтарлықтай қираулар тіркелмеген. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Еске салайық, Каспийде сәуір айында 20 рет жер сілкінді.

Соңғы жаңалықтар