• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Теннис 20 Ақпан, 2025

Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалына шықты

67 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Біріккен Араб әмірліктерінде өтіп жатқан турнирде Елена Рыбакина әлемнің 10-шы ракеткасына қарсы бақ сынады. Паула Бадосамен кездесуде жеңіс отандасымыздың еншісіне жазылды. Үш сетте қорытынды есеп - 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2).

«Екінші сеттегі тай-брейкте Елена 3:6 есебімен жеңіліп жатқан еді. Алайда төрт матч-болда басым түсіп, 10:8 есебімен жеңіп кетті», делінген федерация хабарламасында. 

Енді отандасымыз ширек финалда америкалық София Кенинмен өзара мықтыны анықтайды.