• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Партия 22 Ақпан, 2025

Партия қатары жастармен толықты

144 рет
көрсетілді

Астанадағы Достық үйінде «Ауыл» партиясы түрлі этнос жастарымен кездесті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиын­да партия жаңа құраммен толығып, 10 азаматқа партиялық билет табысталды.

«Ел жастарының бірлігі – береке бастауы» атауымен өткен кездесуге «Ауыл» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егіз­баев, Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Николай Арсютин, еліміздегі түрлі этнос өкілдері қатысты.

– Кез келген мемлекетті әуелі экономикалық, сая­си әлеуетімен бағалаймыз. Алайда елдің ең бірінші байлығы – жергілікті тұрғындары. Сол мекендегі ырзықты, мұраны, ұлттық құндылықты сақтап, жет­кізуші, оның өрістеуіне негіз болатын да халқы. Ата-бабамыз бізге баға жетпес бірлікті, ынтымақты мұра етіп қалдырды. Оны сақтап, әрі қарай еселеп, әлемге үлгі ету бүгінгі жастардың мұраты болуы керек. ҚХА осы миссияны орындауда өзіндік үлес қосып келеді, – деді С.Егізбаев.

«Ауыл» партиясы Ассам­блеяның миссия­сында айқын­далған мемлекеттік саясаттың страте­гиялық бағыттарын үнемі қолдап келеді. Мәселен, партия мүшелерінің 20%-ға жуығы, Парла­мент Мәжілісіндегі депутаттардың 12%-ы, мәс­­лихат депутаттарының 10%-ы – түрлі этнос өкіл­дері. Кез­­де­суде де өзге этнос жас­тары партия мүшелігіне өтті. Олардың арасында неміс қызы Альбина Девивые бар.

– Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылында, қара­пайым шаруаның отбасында дүниеге келдім. Әкем Виталий, анам Наталья екеуі бес баланың жарқын болашағы үшін таң атқаннан кеш батқанға дейін тыным таппай қой-ешкіні бағып, еңбек етіп келеді. Кеңес ода­ғы ыдыраған тұста, әкемнің туыс­­тары Германияға кө­шіп жатқанда, өз туған же­рін, ауы­лын қимай қа­лып қойған. Ес білгелі қазақы тәрбиені көріп, салт-дәстүріне қанығып өстік. Қазақ мектебіне барып, тіпті қазір Е.А.Бөкетов атын­дағы Қарағанды уни­верситетінің журналистика факультетінде қазақ тобында оқимын. Мен де партиядағы аға буын өкіл­дері секілді Президент бас­тамаларының жүйелі іске асырылуына үлесімді қос­қым келеді, – дей келе ол балдырғандардың өзге тілде шүлдірлеуіне алаңдаушылық білдірді.

Өз кезегінде партия басшылығы алдағы де­пу­тат­тық сауалдарда ұсы­ныс­тардың ескерілетінін жет­кізді.

Соңғы жаңалықтар