• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Ақпан, 2025

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түседі

83 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сейсенбі, 25 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Түнде Ұлытау облысында, күндіз Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түркістан облысында күндіз оңтүстікте жаңбыр жауады, батыста қатты жауын-шашын болады.

Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана құрғақ ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады.