• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Таным 28 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: «Алло»-ның тарихы

110 рет
көрсетілді

1876 жылы Дүниежүзілік Фила­дельфия көрмесінде америкалық ғалым Александр Белл алғаш рет халық назарына телефон аппаратын ұсынды. Ол грек тілінен аударғанда «теле» – алыс, «фоно» – дыбыс деген мағына берді.

Телефон бар. Алайда тұтқаны көтерген соң адамдар бір-біріне қандай қаратпа сөз айтатынын білмей бастары қатты. Александр Белл «Аhoy» сөзін ұсынды. Өйткені бұл сөзді теңізшілер кемелері кездескенде дауыстап айтатын еді. Одан кейін «Не қалайсыз?», «Барсыз ба?», «Сөйлеуге дайынсыз ба?» деген сияқты көптеген нұсқа болған. Бірақ бұлардың ешқайсысы өміршең болмады. Кейіннен Томас Эдисон «Нello» сөзін ұсынды. Яғни ол телефонның ар жағында кімнің бар-жоғын сұрамай, амандасып, әңгімесін бастап кетеді. Осылайша, бұл нұсқа ел арасында кең таралып, әр халық өз тіліне икемдеп айтатын болды.