• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Байқау 28 Ақпан, 2025

Әлемдік байқауда бақ сынайды

74 рет
көрсетілді

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары елдің атынан роботтехника бойынша әлемдік байқауға барады. Алматы қаласында «Almaty Tech Cup 2025» атты Орталық Азиядағы роботтехника және дрондар чемпионаты аяқталды. Оған 10-нан аса елден 3 мыңнан астам бала қатысты.

Чемпионаттың «FLL» ба­ғы­тындағы Орал Назарбаев зият­керлік мектебінің «Tidal Tumble» командасы «Robot Design» санатында жеңімпаз атанды. Олар енді Аустралияның Сидней қаласын­да өтетін «Asia Pacific Open First Championship 2025» халықаралық жарысына барады.

Қазылар НЗМ оқушылары жа­саған робот дизайнын жоғары ба­ғалаған. Өйткені ол жобаның ин­новация­лық шешімдері ерекше бо­лыпты. «Оралдық оқушылардың тех­никалық білімі, шығармашылық қабілеті және командалық жұмысы жоғары деңгейде», дейді қазылар.

«Asia Pacific Open First Championship 2025» – роботтехника саласындағы ең беделді ха­лық­аралық жарыстың бірі. Бұл са­йысқа әлемнің әр түкпірінен үздік командалар қатысып, өз жобасын ұсынады. Назарбаев зияткерлік мектебінің жеңімпаз командасы енді ел намысын әлемдік деңгейде қорғауға дайындалып жатыр.

«Бұл жеңіс оқушылардың қа­жырлы еңбегімен, жетекшілері­нің кәсіби дайын­дығы­мен келді. Сонымен бірге аталған зияткерлік мектепте «STEM» білім сапасы жоғары екенін дәлелдейді», дейді Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ баспасөз хатшысы Гүлнәз Нұғманқызы.

 

Батыс Қазақстан облысы