• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Наурыз, 2025

Жалған құжатпен жұмыс істеген 7 мұғалімге айыппұл салынды

54 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен бір педагог 2024 жылы наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс жасаған. Осыған ұқсас деректер, орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталған.

Облыстың прокуратурасының хабарламасында: «Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды», делінген.