11 наурызда Астана уақытымен сағат 01:14-те Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 298 шақырым қашықтықта орналасқан. Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында жер дүмпуі 2 балл шамасында сезілген.