• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2025

ШҚО полицейлері қарлы боранда 250 көлікке көмекке келді

70 рет
көрсетілді

Қарлы боран күшейіп, салдарынан көріну қашықтығы күрт төмендеуі негізгі тасжолдарда зор қиындықтар туғызған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өскемен-Алтай, Өскемен-Алматы, Өскемен-Самар, Өскемен-Шемонаиха бағыттарында 300-ден астам көлік күрделі жағдайға тап болған.

Патрульдік полиция батальоны жолдарда 250-ден астам көлікті қауіпсіз жерге жеткізуге көмектескен.

Жүргізушілер мен жолаушыларға полицейлер ыстық шай мен тамақ таратты. Ал ораза тұтқандарға арнайы азық-түлік пакеттері дайындалды.