• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Наурыз, 2025

АҚШ тұрғындары Трамптың тарифтік саясатына алаңдаулы

43 рет
көрсетілді

Ipsos және Reuters агенттіктері жүргізген сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, АҚШ азаматтарының басым бөлігі  президент Дональд Трамп енгізген тарифтер азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттауына алып келуі мүмкін екендігін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 70%-ы тарифтердің баға өсіміне тікелей әсер ететініне сенімді. Олардың ішінде 10 демократтың 9-ы және 10 республикашының 6-ы осы пікірді қолдаған. Сонымен қатар, америкалықтардың 57%-ы Трамптың экономикалық саясатын тұрақсыз деп бағалаған.

Айта кетейік, сауалнама 11-12 наурыз аралығында 18 жастан асқан 1 400-ден астам америкалықтың қатысуымен жүргізілген.