Қаланың Сарайшық ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі 1 сәуірден бастап өз жұмысын бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зейнеткерлер үшін тегін үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Бүгінде оңалту гимнастикасы, тренажерлік зал, йога, скандинавиялық серуен, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис, еңбек терапиясы, әлеуметтік желілер үйірмелері мен профилактикалық массаж бар. Алдағы уақытта әлеуметтік-сауықтыру, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-әуесқой бағыттарында үйірмелер ашу жоспарға алынған.
Орталыққа зейнеткерлерді тіркеу 17 наурыздан басталып, қазірге дейін Сарайшық ауданы бойынша 60 адам тіркелген екен. Алғашқы сабақтар оңалту гимнастикасы мен теннистен және тоғызқұмалақтан өтті.
«Орталық филиалдары Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1 үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13 үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 үйде, Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44 үйде орналасқан», делінген Астана әкімдігінің ресми сайтында.
Бүгінде қаланың 15 мыңнан астам зейнеткері тегін үйірмелерге қатысып жатыр.