Жолақ киім киіп жүрсеңіз аралардан абай болыңыз. Жапония биологтерінің зерттеуінше, аралар жолақ киім киген адамдарға көбірек шабуыл жасайды.
Тіршілік иелері мына әлемді өмір мен өлімді ажырата алатын деңгейде бағдарлайтындықтан, төнетін қауіпті түйсігімен біледі. Сондықтан аралар жолақ бейнені өздерінің табиғаттағы жауы – жыланмен байланыстырады екен. Әсіресе қара мен ақ, қара мен сары түсті жолақ жәндікке қауіп сигналы ретінде әсер етеді.