• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2025

Тұрғын үй құрылысы қарқынды

43 рет
көрсетілді

Ұлытау облысында 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы – 5 жалға берілетін, 7 кре­дит­тік, 10 коммерциялық үйдің құры­лысы қар­қынды жүріп жатыр. Осы үйлердің 16-сы – ­2 жал­ға алу, 6 кредиттік, 8 коммерциялық үй биыл пай­да­лануға берілмек. Сондай-ақ аймақтың инфра­құры­лымын дамы­туға да ерекше назар аудары­лып отыр.

Жәйрем кентінде биыл пайдалануға бері­летін бір ком­мер­циялық үйдің құры­лы­сы аяқталуға жақын. Өңірде халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасыларға өткен жылы 80 пәтер берілсе, биылғы Наурыз мерекесі қарсаңында республикалық бюджет есебінен тағы 40 пәтер иелерін тапты. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Биыл республикалық бюджет есебінен Қаражал қала­сында қосымша 10 пәтер сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар 96 пәтерді сатып алуға 1,4 млрд теңгеге өтінім беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 2026–2028 жылдары Қаражалда 100-ден астам бір қабатты, екіпәтерлі үйлер салу жоспарланған. Бұл жоба халықтың әлеуметтік осал топтарынан 200-ге жуық отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаражал қаласының Тәуел­сіздік көшесі бойындағы 12-үйде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрайтын 6 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасы іске асырыла бастады. Жоба 25 көпқабатты үйді (719 пәтер), 373 жеке тұрғын үйді инженерлік желілермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаражалдағы жеке тұрғын үйлерге, 89 учас­кеге инже­нер­лік-коммуникациялық инфра­құрылым жүргізуге облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлінді. Жалпы, өңірде тұрғын үй құрылысына 3,8 млрд теңге қарастырылып, оның ішінде Қара­жал қаласына 200 млн теңге көзделген. Сонымен қатар Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде автомобиль көлігіне арналған автотұрақ құрылысы жүріп жатыр. Жобаға облыстық бюджеттен 512 млн теңге қарастырыл­ған. Жәйремдегі автотұрақ құрылысын аяқтау мақса­тында Төтенше жағдайлар министрлігіне қосымша қара­жат бөлуге өтінім берілді.

 

Ұлытау облысы