• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Сәуір, 2025

Терминалдан теңге ұрлағандар ұсталды

57 рет
көрсетілді

Оқиға Орал қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz

28 наурызда сауда үйлерінің бірінде белгісіз біреулер банк терминалының ұяшығынан 680 мың теңге ұрлап кеткен.

Аталған сома 53 жастағы қала тұрғынына тиесілі болған. Ол ақшаны банкнот қабылдағышына салып, операция аяқталды деп ойлап, алыстап кеткен. Сол мезетте техникалық ақау болып, күдіктілер жағдайды пайдаланған.

Polisia kz-тің хабарлауынша полицейлер 3 күдіктіні ұстады, олардың бірі бұрын сотталғаны анықталған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.