• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 05 Сәуір, 2025

Батыр Жүкембаев қарсыласынан ұпай санымен басым түсті

363 рет
көрсетілді

Бүгін Барыс арена шаршы алаңындағы бокс кешінде бақ сынаған Батыр Жүкембаев қазақстандықтардың жеңіс жолын жалғады, деп жазады Egemen.kz.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) – ұлыбританиялық Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) жұдырықтасты. 

10 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Батыр Жүкембаевтың қолы көтерілді.

Тартысты айқастан кейін спортшы жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Астана төріндегі жекпе-жек мен үшін ерекше, себебі менің бүгін туған күнім. Келіп қолдаған халқыма ризамын. Әрдайым бір- бірімізді қолдайық», деді Б. Жүкембаев.