• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:31

«15-тен аса соққы жасаған»: Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары ұрған

Елордада сөйлеу және психикалық дамуы тежелген мектеп оқушысын қатарластары ұрып-соққан. Бұл туралы оның анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдің айтуынша, оқиға сабақтан кейін болған. Оның ұлын мектептен шыққан кезде сегіз оқушы күтіп тұрған. Солардың бірі жасөспірімге артынан шабуыл жасап, тұншықтырып, соққыға жыққан.

«Менің балама 15-тен астам соққы бағытталған. Бұл уақытта балалар жанында тұрып, өзгелердің араша түсуіне мүмкіндік бермей ұстап тұрған. Баламның дамуында ерекшелік бар. Ол қасындағылардың не үшін бұлай жасағандарын да толық түсіне алмаған. Ал айналасындағы балалар күліп қарап, телефонға түсіріп тұрған» деп жазды әлеуметтік желі парақшасында зардап шегушінің анасы.

Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?

Оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық жасөспірім анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Олар профилактикалық есепке қойылды. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен заңды өкілдердің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласындағы «Болашақ» медициналық колледжі жатақханасында буллингтен бірінші курс студенті қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар