Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жанындағы волонтерлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында халықаралық іс-шара өтетін теңіз жағалауындағы қоқысты тазалады.
Негізгі жұмыстан бөлек, шамамен 100 волонтер өңір тұрғындары мен қонақтарын тазалық жұмыстарына қатысуға шақырды.
– Қаламыз үшін маңызды бұл шараға алыс-жақыннан қонақтар келіп жатыр. Адам көп жиналған жерде қоқыс та көбейеді, жағалау лезде ластанып кетеді. Қонақтарды қарсы алып, көмектесумен қатар, біз үздіксіз тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл арқылы коммуналдық қызмет мамандарына көмек қолын созып жатырмыз. Барша тұрғындарды тазалық сақтауға шақырамыз, – деді волонтер Ислам Тілепов.