• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2025

Созаққа 1 млрд 380 млн текше метр су жіберілді

71 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы аталған ауданға жіберілген су былтырғыдан 300 млн текше метрге көп, деп жазады Egemen.kz.  

Әуелі, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылған. Енді шілде айында Фурманов каналын тазарту-жөндеу жұмыстары басталмақ. Министрлік Шу өзені суын реттеп, Созаққа бағыттау үшін Радай өзегінде арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр.

«Министрлік Созақ ауданына тұрақты түрде су жіберуге ниетті. Биыл Шу өзенінің суын сауатты бөлу мен реттеудің нәтижесінде  су әдеттегіден 1 айға ерте келді. Мамыр айына дейін секундына 85 текше метрден су жіберуді жоспарлап отырмыз», деді аудан тұрғындарымен кездесуінде сала министрі Нұржан Нұржігітов.