Мемлекет басшысы Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Озық технологиялармен жабдықталған және автоматтандыру деңгейі өте жоғары кәсіпорын жылына 283 млн литрге дейін сусын шығара алады.
Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысқан соң, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.