• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Теннис 14 Сәуір, 2025

Қазақстандық жас теннисшілер іріктеу турнирінің финалына шықты

0 рет
көрсетілді

Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Азия — Тынық мұхиты аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жартылай финалда Гонконгпен өткен тартысты матчта жас қазақстандық теннисшілер жеңіске жетіп, алғаш рет турнирдің финалына жолдама алды.

Алғашқы кездесуде Хақназар Жеткербай қарсыласы Кайл Ванды 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, команданың есеп ашуына үлес қосты. Алайда келесі ойында Ахмади Мақанов Чой Вангқа 0:6, 3:6 есебімен жол берді.

Бәрін шешкен жұптық матчта Мақанов пен Жеткербай жұбы шебер ойын өрнегін көрсетіп, Ван мен Чойды 7:5, 2:6, 10:3 нәтижесімен тізе бүктірді. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің финалына шықты.

Финалда Сағадат Аяп жаттықтыратын команда Жапония құрамасымен бас жүлде үшін таласады. Шешуші матч ертең өтеді.