• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Форум 16 Сәуір, 2025

Орталық Азия форумында қандай бастамалар ұсынылды?

0 рет
көрсетілді

Елордада II Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр. «Орталық Азия медиакеңістігі: өсу мен ынтымақтастықтың жаңа тұстары» атты тақырып көтерген жиында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар ұсынысты атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр өз сөзінде өзара тәжірибе алмасу және сала мамандарының біліктілігін арттыру үшін өңірлік форумдар, семинарлар, тренингтер, шеберлік кластарын, баспасөз турларын өткізудің маңыздылығын жеткізді. Соған орай төмендегі бастамаларды талқылауға ұсынды:

Елдердің ғылыми және білім беру әлеуетін біріктіре отырып, Орталық Азия журналистика академиясын құру; Жастардың дарынды өкілдері үшін шығармашылық орталығы болуды көздейтін Орталық Азия креативті хабын құру; Үздік жұмыстарды атап өтуге және лайықты журналистер мен контентмейкерлердің еңбегін тануға мүмкіндік беретін журналистика саласындағы Орталық Азия сыйлығын тағайындау; «Біздің адамдар» тележобасын іске қосу, ол арқылы біз бір-бірімізге қоғамымыздың ең лайықты өкілдері, тұратын еліне және қарым-қатынас тіліне қарамастан, жастарды шабыттандыратын және оларға өнеге болатын тұлғалар туралы әңгімелейміз; «Наурызға» арналған телекөпір ұйымдастыру, бұл біздің елдерімізге осы ортақ мереке күндері біріге түсуге мүмкіндік береді; Бауырлас елдеріміздің телеарналары үшін телеөнімдерді қолжетімді ету, сериалдар және өзге де өнімдер үшін ең төменгі төлемді белгілеу немесе оны мүлдем алып тастау; Бірлескен туризм мен инвестицияны танымал етуге бағытталған бірлескен контенттің көлемін ұлғайту; Осы жылдың күзінде «Мипком» (MIPCOM) телеөнімдерінің ең танымал көрмесінде «Central Asia» брендімен бірыңғай алаң ұсыну; Телеарналар Орталық Азия елдеріндегі әріптестерінің өтінімдері бойынша түсірілімдерді өтеусіз негізде жүзеге асыратын алаң құру, бұл шетелдік тілшілер пункттерін ұстауға арналған шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.