• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 17 Сәуір, 2025

Мамандыққа адалдық

0 рет
көрсетілді

Дәрігерлер науқастың аман­дығы үшін өз өмірін жиі тәуекел­ге ті­геді. Аманда Хесс есімді дәрі­гердің де әре­кетін нағыз ерлік ­деуге болады.

Акушер-гинеколог Аманда Хесс өзі толғатып жатқанда, көрші палатадағы әйелдің айқайын естіп, көмекке асығады. Сөйтсе, босанып жатқан әйелдің баласы кіндігіне оратылып қалыпты, ал кезекші дәрігер жанында болмаған. Аманда меди­циналық халатын киіп, сабырмен әйелді аман-есен босандырып, ана мен сәбиді құтқарып қалады. Содан кейін палатасына барып, 2 минуттан соң өзі де сәбиін дүниеге әкеледі.