Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы жабайы жануарлардың сирек кездесетін мезеттерін түсіруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қызыл кітапқа енген Үстірт арқары осы жолы фототұзаққа «Сарыбұлақ» суатында түсіп қалған.
Аталған сирек түрдің кездесуі – олардың айтарлықтай өсуін көрсететін белгі іспетті әрі жабайы жануарларды сақтау тұрғысындағы экожүйелі жұмыстың нәтижелерін айғақтайды.
Фототұзақтар – сирек әрі жасырын өмір сүретін жануарларды бақылау тұрғысында маңызды рөл атқарып, оларды зерттеуге мүмкіндік береді.