• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Президент 17 Сәуір, 2025

Президент Астана және Қазақстан митрополитін марапаттады

0 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. 

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.