• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 08:08

Найзағай, үсік және шаңды дауыл: 25 мамырға арналған ауа райы болжамы

25 мамырда Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер найзағай, шаңды дауыл, қатты жел және үсік болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.

Павлодар облысының шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Сонымен қатар өңірде төтенше өрт қаупі ықтимал.

Жетісу облысында Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың көп бөлігінде жоғары өрт қаупі, ал шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда да өрт қаупі жоғары болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болады. Кей өңірлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавлда да қатты жел күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте де күндіз жаңбыр мен найзағай болады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел күшейіп, облыстың көп бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында да жоғары өрт қаупі жарияланды. Атырау өңірінің кей бөліктерінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр және найзағай болады.

Астанада күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай және қатты жел болады. Көкшетауда да осындай ауа райы сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Ақтауда да күн райы құбылмалы болады.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. ШҚО-да кей жерлерде қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп болжанған.

Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың көп бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. 

Соңғы жаңалықтар