• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет 17 Сәуір, 2025

Ұлы даланың үні

0 рет
көрсетілді

Алматыда «ULY DALA ÚNI» халықаралық вокалдық-хор фестивалі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталмыш іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатыр. Оған Қазақстан мен Ресейден келген 30-дан астам кәсіби және әуесқой хор ұжымы қатысуда.

​Үш күндік бағдарламада хор музыкасының концерттері, жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.

​Арнайы шақырылған мамандар арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Б.Байқадамов атындағы академиялық капелланың көркемдік жетекшісі – Бейімбет Демеуов, профессор, Қазақ ұлттық консерваториясының дирижерлік бөлімінің меңгерушісі – Ғалымжан Берекешев, Мәскеу консерваториясының камералық хорының көркемдік жетекшісі, профессор – Александр Соловьев бар.

​Фестивальдің мақсаты – өнерпаздардың орындаушылық шеберлік деңгейін көтеру және хор өнерінің Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретіндегі рөлін атап өту.

​Фестивальдің негізгі іс-шарасы – 18 сәуірде Е.Рахмадиев атындағы үлкен залда өтетін Гала-концерт. Концертте жетекші академиялық және көркемөнерпаздар ұжымдары, балалар ұжымдары мен танымал ансамбльдер өнер көрсетеді. Бағдарламада қазіргі қазақ хор мектебінің, сондай-ақ әлемдік хор музыкасының классиктері шығармаларының премьералары ұсынылады.