• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Білім 18 Сәуір, 2025

Медиа мамандарын дайындайтын мектеп ашылды

0 рет
көрсетілді

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты І Халықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған іс-шара Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылды. Көктемгі мектепке БАҚ өкілдері, баспа саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ Бангладеш, Әзербайжан, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия және Ресей елдерінен келген студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысып жатыр.

Көктемгі мектеп барысында медиа мәтінді редакциялау технологиялары, медиадизайндағы жаңашылдық, кітап индустриясындағы жасанды интеллектің рөлі, фактчекинг және ақпаратты верификациялау, медиаэтика мен медиасауаттылық, сондай-ақ digital журналистиканың өзекті мәселелері талқыланады.

Бағдарлама аясында халықаралық ұйым өкілдерінің, танымал баспа мамандары мен журналистердің шеберлік сыныптары өткізіледі.

Курс соңында қатысушыларға 72 сағаттық арнайы сертификат табысталады.