• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Сәуір, 2025

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахметов қарсыласымен тең түсті

0 рет
көрсетілді

Бокс кеші Калифорнияның (АҚШ) Коммерс қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық кәсіби боксшы Садриддин Ахметов мексикалық Элиас Эспадаспен бокстасты.

Жекпе-жек 10 раундқа созылды. Нәтижесінде екеуі де өз спорттық мансабында алғаш рет тең нәтиже көрсетті.

Еске салайық, осыған дейін бірінші орта салмақта С. Ахметов 15 кездесу өткізген. Оның 13-ін нокаутпен аяқтаған.