Қазақстандық паспорт соңғы бірнеше жылда жаһандық рейтингтегі орнын тұрақты түрде жақсартып келеді. Енді ел азаматтары 78 елге визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz
2026 жылға арналған Henley Passport Index-тің жаңартылған дерегі бойынша Қазақстан 57-орынға көтерілді.
Қазақстан әр жылдағы рейтинг бойынша 2023 жылы - 70 орында болса, 2024 жылы - 66 орын, 2025 жылы - 61 орын, 2026 жылы - 57-сатыға жайғасты.
Осылайша, соңғы 2,5 жыл ішінде Қазақстан паспорты 13 позицияға жоғарылады. Көк паспорт әлемдегі ең ықпалды төлқұжаттар рейтингінде позициясын жақсартты.
АҚШ-қа виза уәде етіп, қазақстандықтарды 900 млн теңгеге алдаған турфирма басшысына үкім шығарылды
Сонымен, қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?
Қазақстан азаматтары көптеген елге визасыз немесе жеңілдетілген режиммен саяхаттай алады. Визасыз режим екіге бөлінеді: толық визасыз кіру және елге барған кезде рәсімделетін шартты виза.
30 күнге дейін визасыз баруға болатын елдердің қатарында Қытай, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Вьетнам, Катар, Сербия және Филиппин бар. Ал Түркияға — 90 күнге дейін, Грузияға — 1 жылға дейін визасыз баруға рұқсат етіледі.
Оңтүстік Кореяға визасыз кіруге болады, бірақ алдын ала K-ETA электронды рұқсатын рәсімдеу қажет. Таиландқа бару үшін де арнайы электронды миграциялық карта толтырылады.
Мемлекет басшысы «Алтын виза» иегерлеріне берілетін жаңа жеңілдіктер туралы айтты
Сарапшылар сапар алдында әр елдің кіру талаптарын мұқият тексеруге кеңес береді. Кей мемлекеттер қонақүй броні, қайту билеті немесе медициналық сақтандыруды сұрауы мүмкін.
Айта кетейік, Henley Passport Index рейтингі паспорттың қанша елге визасыз кіруге мүмкіндік беретінін есептейді. 2025 жылғы рейтингте Қазақстан азаматтары ондаған елге жеңілдетілген режиммен саяхаттай алады.
Henley Passport Index - әлемдегі қозғалыс еркіндігін өлшейтін жаһандық рейтинг. Ол белгілі бір елдің паспортымен қанша мемлекет пен аумаққа визасыз баруға болатынын көрсетеді. 2025 жылғы жаңартылған нұсқада 199 елдің паспорты мен әлем бойынша 227 бағыт қамтылған.