• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2025

Әйгілі «Біз екеуміз» әнінің авторын еске алды

0 рет
көрсетілді

Тұрар Рысқұлов аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында ақын, 2000 жылдары жыл әні атанған әйгілі «Біз екеуміз» шығармасының сөзін жазған Кәріпжан Нүсіпті еске алуға арналған «Кәріпжанмен сырласу» атты әдеби мюзикл өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Өлмес, өшпес талант иесі» атты кітап көрмесінен басталып, ақынның сөзіне жазылған «Біз екеуміз» әнінің шығу тарихы баяндалған көрініспен ашылды. Кейіннен Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы сөз сөйлеп, ақынның шығармалары ұрпаққа үлгі, рухани азық екенін айтып өтті.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері және оқырмандар ақынның бірнеше өлеңін оқыды. Сонымен қатар әдеби мюзиклге арнайы шақырылған қонақтар, қаламгердің замандастары, шәкірттері және қыздары естеліктерімен бөлісті.

Жамбыл облысы