• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Сәуір, 2025

Алматы марафонында екі қатысушы көз жұмды

0 рет
көрсетілді

Бұл туралы Almaty Marathon мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Almaty Half Marathon кезінде 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жасар Нұрбол Ахмади деген екі адам қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Екеуі де Алматыдағы марафондардың тұрақты қатысушысы еді», делінген хабарламада.

Дәрігерлердің сөзінше, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін мәлім болып, сараптама нәтижесі марқұмдардың туыстарына айтылады.