• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Сәуір, 2025

Атақты мүсінші Зураб Церетели өмірден өтті

40 рет
көрсетілді

Кеңес және грузин халықтарының мақтанышы, әйгілі мүсінші және суретші-монументалист Зураб Церетели 91 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, шебер 22 сәуірге қараған түні жүрек соғысының тоқтауынан қайтыс болған.

Зураб Константинович Церетели 1934 жылы 4 қаңтарда Тбилисиде дүниеге келген. Ол Тбилиси көркемөнер академиясында білім алған. Оның шығармашылық жолы қоғамдық кеңістіктер мен сәулеттік кешендерді безендіруден басталып, әлемдік деңгейдегі монументалды туындыларға ұласқан.

Церетели 5000-нан астам туынды жасап, әлемнің түрлі елдерінде өз қолтаңбасын қалдырған. Мәскеудегі «Достық мәңгілік» композициясы, Нью-Йорктегі БҰҰ ғимараты алдында орнатылған «Жақсылық жамандықты жеңеді» мүсіні және Севильядағы «Жаңа адамның дүниеге келуі» сияқты туындылар – оның шығармашылық шеберлігінің айқын дәлелі.