Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы дүкендердің бірінде терминалды ұстған баланы тоқ соққан видео пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кадрларда баланың банк терминалын қолымен ұстағаны көрінеді. Баланы тоқ соққан. Саусақтарын күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Полиция кәмелетке толмаған баланың жарақаттануына әкеліп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында қауіпсіздік нормалары мен құрылғыны орнату ережелерінің сақталуы тексеріледі. Кінәсі анықталса, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысын департамент басшылығы ерекше бақылауға алды.