• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 23 Сәуір, 2025

ChatGPT шығынға батырады

200 рет
көрсетілді

«OpenAI» компаниясының басшысы Сэм Альтманның айтуынша, ChatGPT секілді жасанды интеллект жүйесі адамдардың «рахмет» сияқ­ты сыпайы сөздеріне жауап беру үшін де жылына 100 миллион дол­лар жұмсайды.

Жалпы, ChatGPT жүйесінде соңғы сөзді жасанды интеллект айтады. Мәселен, сұрақ қойсаңыз, ол міндетті түрде жауап береді. Егер «Рахмет» десеңіз, «Әрдайым қуана көмектесемін. Тағы қандай көмегім қажет?» деп диалогті аяқтайды. Алайда мұның бәрі көп ақша мен үлкен ресурсты талап етеді. «OpenAI» компаниясының бұл мәлімдемесі жасанды интеллектіні пайдалануға қатысты қоғамда жаңа ой тудырды. Себебі көп адам ЖИ жүйелері экология мен шығын тұрғысынан да елеулі әсер ететінін енді ұғына бастады.