• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 23 Сәуір, 2025

Тіс өсіруге болады

1020 рет
көрсетілді

Ұлыбританиядағы Лондон Корольдік колледжінің ғалымдары алғаш рет зертханада адам тісін өсіріп көрді.

Ғалымдар бұл бағытта он жылдан астам уақыт бойы зерттеу жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде олар тістің өсуіне қажетті жағдайды жасай алатын ерекше материал ойлап тапты. Бұл материал жасушалармен «байланысып», оларға арнайы сигналдар жіберіп, тістің табиғи қалыптасуына ықпал етеді. Мамандардың айтуынша, бұл жаңалық болашақта пломбалар мен тіс импланттарының орнын басуы бек мүмкін. Себебі зертханада өсірілген тіс адамның өз жасушаларынан алынғандықтан, ол жақ сүйекке табиғи жолмен бейімделіп, орнығып кетеді. Бұл – қазіргі қолданылып жүрген жасанды импланттарға қарағанда әлдеқайда тиімді әрі табиғи әдіс.