• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 24 Сәуір, 2025

Роботтар марафоны

20 рет
көрсетілді

Қытайда адам тәрізді роботтар ара­сындағы алғашқы жартылай марафон өтті. Тарихта тұңғыш рет ұйым­дастырылған ерекше додаға Бей­жің, Шанхай, Гуанчжоу, Цзянсу сын­ды өңірлерден 21 кәсіпорын мен жоға­ры оқу орнының командалары қатыс­қан.

Әдеттегі марафонда спортшылар бір сәтте жарысты бастаса, бұл сайыста роботтар бірінен соң бірі жолға шықты. ­ 21 шақырымдық жартылай марафонда роботтар спортшылармен қатарласып жүгірді. Қауіпсіздік мақсатында екі топқа бөлек жолақтар бөлінген. Осылайша, бұл іс-шара роботтехника мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерді көрсетіп қана қоймай, болашақта роботтардың қоғамдық өмірге белсендірек араласуы мүмкін екенін де әйгіледі.