• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Көрме 24 Сәуір, 2025

Еуразия кітап жәрмеңкесі басталды

30 рет
көрсетілді

Ел астанасында дәстүрге айналған «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIIІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Биыл аталған іс-шара Ұлттық кітап күні қарсаңында өтіп отыр.

Кітап көрмесіне Қазақ­стан, Қытай, Ресей, Түр­кия, Иран, Испа­ния, Португалия, Өзбекстан ел­де­рінен баспа, кітап сату, таным­дық-ғылыми білім беру және поли­графиялық өнімдерін ұсы­натын 70-ке жуық компания қатысады.

Мәдени-рухани жобаның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірім­дерді кітап оқуға баулу, отбасымен бірге кітап оқуды наси­хаттау, жастардың оқыр­­ман­­дық талғамын қалып­тас­тыру, оқырманға жетекші бас­па­­­лар­дың кітап өнімдерінің ең жақ­сы заманауи өнімін ұсыну, әлем­­дік кітап шығару және баспа ин­дус­­­триясының тәжірибесімен ал­масу, әлемдік баспалармен бай­­ланыс орнату және баспа ісін­дегі жетістіктерді көрсету болып отыр.

«Astana Eurasian Book Fair – 2025» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ересектерге де, бала­ларға да бірдей қы­зықты болатын бес күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме қонақтары мен қатысушыларын жетекші отандық және шетелдік бас­палардан шыққан балалар әдебиеті, көркем әдебиет, ғы­лы­ми-танымдық әдебиеттердің тұсау­­­кесері, белгілі ақын-жазу­шы­лармен қолтаңба-сессия­лар, кітап шығарудың өзекті мәсе­­лелері талқыланатын дөңгелек үстелдер күтеді. Бес күндік көрмеде күн сайын ойын алаңында кітап оқу, шеберлік сыныптары, құнды сый­лықтар ұтысы, тағы басқа да қызық­ты іс-шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ көрме аясында дәстүрлі түрде «Жылдың үз­дік кітабы» байқауы «Жыл кітабы», «Үздік дебют», «Үздік көр­­кем әдебиет», «Нон-фикшн жан­рындағы үздік кітап», «ТҮРКСОЙ»-дың Гран-приі» аталымдары бойынша өтеді.

Айта кетейік, кітап көрмесін дәс­­түрлі түрде «Фолиант» бас­па­сы ұйымдастырып келеді. Жәр­мең­ке 27 сәуірге дейін жалғасады. Кіру – тегін.