Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданындағы Чистополье ауылындағы үйлердің бірінен өрт шығып, екі адам шыға алмай, оттың ішінде қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер кірер есікті ораған отты өшіріп, іште қалған екі адамды алып шықты.
Зардап шеккендер аман, жеңіл жарақаттар ғана алып, медициналық көмектен бас тартты.
Солтүстік Қазақстан облысы