• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 25 Сәуір, 2025

Шалғай аралдағы шаттық

10 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең шалғай әрі шағын елдердің бірі Тувалуда алғаш рет банкоматтар орнатылды. Бұған дейін Тынық мұхиты аралының тұрғындары кез келген қаржылық операцияны тек қолма-қол жүргізіп келген.

Елдегі алғашқы банкоматтар Ваиаку ауылында орнатылып, салтанатты түрде ашылған. Іс-шараға премьер-министр Фелети Тео бастаған жоғары лауазымды тұлғалар қатысты. Қазір Тувалуда шамамен 12 мың адам тұрады. Жаңа банк технологияларын шамамен 6 мың клиент пайдаланады деп күтіліп отыр.