• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 25 Сәуір, 2025

Ең бақытты қала

20 рет
көрсетілді

Лондондағы Өмір сапасы институты жариялаған жаңа рейтингте Дания астанасы Копенгаген әлемдегі ең бақытты қала деп танылды.

Жалпы тізімге 200 қала енген. Олар алты негізгі өлшем бойынша бағаланып, ұпай жинаған. Нақтырақ айтсақ, жаһан шаһарларының әл-ауқаты, экологиялық жағдайы, экономикасы, цифрлық әлеуеті, тұрғындар денсаулығы, көлік жүйесі сарапқа салынған. Ал үздік бестікке кіргендер: Копенгаген (Дания), Цюрих (Швейцария), Сингапур, Орхус (Дания) және Антверпен (Бельгия) қалалары.