• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 25 Сәуір, 2025

Іленің бойын тазартты

20 рет
көрсетілді

Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда кейінгі жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпелілер қаласы» мен «Тамғалы тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерв қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.

Осыған орай «Amanat» партиясының қа­тысуымен Алматы облысында «Таза Қазақстан» ак­циясы аясында ауқымды эколо­гиялық сенбілік ұйым­дастырылды. 600-ге жуық адам жұ­мылдырылған тазалық шара­сының нәтижесінде өзен жа­ғасынан 30 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Жиналған қалдықтардың басым бөлігі – пластик, шыны бөтелкелер, тағам қалдықтары, құрылыстық, тұрмыстық қал­дықтар. Бір күндік шарамен мәселе шешілмейді. «Amanat» партиясы бұл түйткілді об­лыстық экологиялық кеңесте жүйелі түрде көтеруді жоспарлап отыр. Партия бастамасымен туристік аймақтарға арнайы мәртебе беру, қоқыс алаңдарын орнату, бейнебақылау енгізу, құқық бұзушыларға әкімшілік жаза қолдану тетіктері ұсыныл­мақ.

«Біз табиғат ластанғаннан кейін емес, ластанбай тұрып әрекет етуіміз керек. Қазір Іле бойындағы жағдай – ескерусіз қалған аумақтың нақты көрінісі. Өзен жағасы қоқысқа көміліп жатыр. Демалушылар артынан ештеңе жинамайды. Қазан-ошақ пен тағам қалдықтары өзенге ағып, қоршаған ор­таға тікелей зиян келтіріп отыр. Егер жүйелі шешім қабыл­данбаса, жақын арада бұл жер қайтадан қалдық астында қалады. Мәселе – қоқыстың көле­мінде емес, жүйесіздікте. Бұл аумақта инфрақұрылым аты­мен жоқ. Қоқыс жәшігі де, бақылау да, жауапты мекеме де қа­растырылмаған», деді парт­ияның Алматы облыстық филиа­лының төрағасы, облыс­тық мәслихаттың төрағасы Қуат Бай­ғожаев.

Бұл іске волонтерлер де белсене қатысты. «Amanat» пар­тиясының «Жастар рухы» жас­тар қанатының төрағасы Медет Бекбергенов: «Жалпы, табиғатқа жанашырлық – ниет қана емес, нақты жүйелі саясатқа айналуға тиіс. Бүгінгі экоакцияға облыс әкімінің өзі бастап, мем­лекеттік қызметкерлер, ерік­тілер, қоғам белсенділері мен «Amanat» партиясының мүше­лері қатысты. Волонтерлер бұл мәселемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Былтыр өз күшімізбен осы аумақтан 10 тоннадан астам қоқыс жинадық. Бірақ бізден кейін тағы да бәрі сол қалпына түсті. Бұл – бір реттік сенбілікпен шешілетін мәселе емес. Табиғатты қорғау жүйелі бақылау мен нақты инфрақұрылымды қажет етеді. Біз қанша тазаласақ та, қоқыс тас­­тауды тоқтатпайынша нәти­же болмайды», дейді.

Айта кетейік, экологиялық шаралар Іле өзенімен шек­телмейді. Облыстың 373 елді ме­кенінде 80 мыңнан астам адам­ның қатысуымен 38,9 мың түп ағаш отырғызылып, 120 ақпараттық түсіндіру, 150 санитарлық тазалау шарасы өткізілді.

 

Алматы облысы