• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2025

Тұтастықты ту еткен концерт

50 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сес­сиясы аясында Мә­дениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Birlik» ән-би ансамблінің кон­цертінде бейбітшілік пен татулық көрініс тапты. ҚХА-ның 30 жыл­дығына арналған ду­ман­да ынтымақ пен ымы­раластық ән-би, жыр-күй тілінде сөйледі.

Бейбітшілік ту тіккен елге береке орнайды. Бірлік болса, елде тұрақты экономикалық, саяси, мәдени даму болады. Ассамблея  еліміздегі этностар арасын­дағы бірлік пен татулықты ны­ғайтты, олардың мәдениеті мен тілін сақтауға мүмкіндік жасап келеді. Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігіне қарас­ты Роза Бағланова атын­дағы «Қазақконцерт» мемлекет­тік академиялық концерттік ұйы­мының ішінен құрылған «Birlik» би ансамблі репертуа­рында барлық халықтардың би өнері көрініс тапты. Өнер ұжымының концертін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы­ның орынбасары-Пре­зидент әкімшілігінің Қазақ­стан халқы Ассамблеясы хатшы­лығы­ның меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент депутат­тары, мемлекеттік органдар өкілдері, республикалық этно­мәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, сондай-ақ ҚХА қоғамдық құры­лым­дары­ның өкілдері тамашалады.

Көрерменге түрлі этнос­тар­дың ұлттық биі мен әндері ұсы­нылды. Атап айтқанда, орыс, корей, тәжік, өзбек, татар, түрік­мен­ биі көрсетілді. Бір ша­ңы­рақ астында тату-тәтті өмір сү­ріп жатқан эт­нос­­тар­дың бірлігін бейнелей­тін «Сені сүйемін, Қазақстан» ат­ты вокалдық-хореографиялық қойы­лым мерекелік кештің көркін кіргізді.

Көп этносты «Birlik» ансам­блінің мақсаты – әлем халықтары­ның мәдени мұрасын сақтау және дамыту, дәстүрлі музыка мен би өнерін кеңінен насихат­тау. Әр этнос өкілдерінен құрал­ған шығармашылық ұжым­ның қойылымдары өзіндік бірегей­лігімен ерекшеленеді.