• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Заң 25 Сәуір, 2025

SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды

50 рет
көрсетілді

Осы жылдың 25 ақпанында «Өскемен – Астана» рейсі 8 сағаттан көп уақытқа кешіктірілгеніне қарамастан әуе компаниясы жолаушыларды уақтылы жатын орынмен қамтымаған, деп жазады Egemen.kz.

Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалу үшін орын берілген. Бас прокуратураның мәліметінше, жолаушылар күні бойы ұшу уақытын әуежайда күткен.

«Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойды. Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Еске салайық, 2025 жылы 1 АЕК - 3932 теңге болып бекітілген.