• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Сәуір, 2025

Ауа райы болжамы: Қазақстанда тұман түсіп, нөсер жаңбыр жауады

90 рет
көрсетілді

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, көп өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Нөсер жаңбыр жауатын өңірлер:

27 сәуір – Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары;

28 сәуір – Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Елдің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін.

Сонымен қатар 26 сәуірде түнде Абай облысында, ал 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында температура -1…-3 °C дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжанып отыр.